Екі адамның өліміне себеп болған адам 5 жылға сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыда төрағалық етуші судья Ж.Сейтжапбаровтың, жәбірленуші өкілдері .А.-ның, А.-ның, өліміне қатысты сотталушы  Ж.А.А.-ға қатысты , Қазақстан Республикасы ҚК-нің  345-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сот үкім жариялады.

Сотталушы Ж.А.А. 09.11.2024 жылы сағат 15:45 шамасында өзінің басқаруындағы маркасы «KIA RIO COMFORT 1.4 4AT» мемлекеттік белгісі 994 ACR 17 санды автокөлігін Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесі бойымен Т.Өтегенов көшесі бағытына қарай басқарып келе жатып Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі қағидаларының» 10-тарауы 72-тармағында көрсетілген талаптарды бұзып, сағатына 60 километрден аспайтын, ал тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында — сағатына 20 километрден аспайтын жылдамдықпен жүрудің орнына 80-90 км/сағат жылдамдықпен жүріп, Қ.Төлеметов көшесі бойында орналасқан «А.Бөкейхан» аялдамасының тұсында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті бүйірлік аралықты сақтамай жүргізуші Ә. О.-ның маркасы «VOLKSWAGEN PASSAT»,   автокөлігімен соқтығысады. Соққы екпінімен Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі қағидаларының» 9-тарауы 61, 69 тармақтарын көрсетілген талаптарды бұзып, көлік құралының басқару жүйесін игереалмай, жолды бөліп тұрған көгалдан жолдың қарсы бөлігіне өтіп кетіп, өз жолымен қозғалып келе жатқан жүргізуші  А.-ның басқаруындағы «DAEWOO NEXIA SOHC»  автокөлігімен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасайды.

Орын алған жол-көлік оқиғасы салдарынан маркасы «DAEWOO NEXIASOHC»автокөліктің жүргізушісі А.Б.Эргешов және оның жолаушысы А.Б. алған дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болады, яғни Ж.А.А. көлік құралын басқарушы адам бола тұра жол жүрісі қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда екi адамның өлiмiне әкеп соққан әрекетті жасайды.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыда төрағалық етуші судья Ж.Сейтжапбаров. сотталушы   А.Ж.А. ҚР ҚК-тің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгісімен кінәлі деп танылып, оған осы бабпен көлік құралдарын жүргізу құқығынан 7 (жеті) жыл мерзімге айыра отырып, 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Шымкент қаласы

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *