«WhatsАpp» арқылы терроризмді насихаттағаны үшін 8 жылға  сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы У.-ға қатысты , ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен, 259-бабының 1-бөлігімен (телекоммуникация желілерін пайдаланыла отырып, терроризмді насихаттау мазмұнындағы материалдарды тарату, экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндіру)тағылған айыппен қаралған қылмыстық іске қатысты үкім оқылды.
Сотталушы 2024 жылдың қыркүйек айында өзінің ұялы телефонынан «WhatsАpp» желісі арқылы ашқан «Әл…» тобына халықаралық террористік ұйымының көзқарастарына жататын аудио және текстік хабарламаларды салып, куәлер М. мен Т.-ға терроризмді насихаттап, оларды экстремистік әрекеттерін ұйымдастыру мақсатында азғырып көндірген.
Сот, У.-ды ҚР ҚК-нің 256-бабының 2-бөлігімен, 259-бабы 1-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып, оған ҚК-нің 58-бабы 3-бөлігін қолданумен түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енбеді.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *