Жол — көлік оқиғасы бойынша үкім жарияланды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында сотталушы У.-ға қатысты ҚР ҚК-нің 345-1 бабының 3-бөлігімен (көлік құралдарын басқаратын адамның алкогольден масаң күйде жол жүрісі немесе көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу, яғни абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) айып тағылған. Сот үкім жариялады.
Сотталушы 2024 жылдың қараша айында автокөлігін Шымкент қаласы Сатыбалдиев көшесі бойымен масаң күйде басқарып, автокөлігінің басқару жүйесін игере алмай, жолдың бойында тоқтап тұрған автобустың артқы бөлігіне соғылып, нәтижесінде көлігіндегі жасы кәмелетке толмаған жолаушы И. абайсызда алған дене жарақаттары салдарынан оқиға орнында қайтыс болған, ал екінші жолаушы М. «жеңіл» дене жарақаттарын алған.
Сот, У.-ды ҚР ҚК-нің 345-1 бабының 3-бөлігімен қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны бойынша кінәлі деп танып, оны 10 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Үкім заңды күшіне енбеді.
Шымкент қаласы