87 жәбірленушінің азаматтық талабы толық қанағаттандырылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Өскемен қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі 1,3-тармақтары бойынша (алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемдену, ірі мөлшерде екі немесе одан да көп адамға қатысты) Т.-ға айып тағылған. Сот үкім оқыты.
2023 жылы қаңтардан желтоқсанға дейінгі аралықта Т. 91 жәбірленушімен алаяқтық жолмен шарт жасасып, оларға шетелде демалыс ұйымдастырып беру бойынша қызметтер көрсетуге міндеттенді, өз кезегінде жәбірленушілер Т.-ның қылмыстық ниеті барын білмей, оған ақша аударған. Аз.Т.- ұрлаған қаражаттың жалпы сомасы 142 781 162 теңгені құраған.
87 жәбірленушінің азаматтық талабы толық қанағаттандырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шығыс Қазақстан облысы