Жоғарғы сот адвокаттың құқықтарын қорғады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
2025 жылдың ақпан айында, Шымкент қаласы адвокаттар алқасының қорғаушысы, адвокат- Мынбаева Гульжазира Налыханқызына, азаматтық істер бойынша Шымкент қалалық сотының апелляциялық алқа төрағасы жеке қаулы шығарған еді. Қаншама жылдық тәжірібесі бар ұстаз адвокат, адам құқықтарын қорғауда, апелляциялық алқа төрағасы Азреткулов Динмухаммед Анкабековичтің өзіне қатысты шығарған жеке қаулысына шағым келтіріп, ҚР Жоғарғы сотына арыз түсірген. 6- мамыр күні ҚР Жоғарғы соты, адвокат қатысты шығарылған жеке қаулының обьективті зерделеуінің арқасында, адвокат Мынбаева Гульжазира Налыханқызына шығарылған жеке қаулы негізсіз болып табылып оның күші жойылды. Осылайша, ҚР Жоғарғы соты адвокаттың құқықтарын қайта қалпына келтіріп, оның көп жылдың еңбегін тапталуына жол бермей қорғап шықты.
Астана қаласы