Таразда экс-әкім орынбасары сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Тараз қаласы әкімінің м.а. 2022 жылғы 5 шілдедегі №217-ж/қ өкімімен Тараз қаласы әкімінің орынбасары болып Қалдыбаев Нурбол Бекежанұлы тағайындалған болатын. Бұл азаматқа ҚР ҚК-нің 361- бабы 4- бөлігі 3- тармақшасымен айып тағылған. Ал мердігер компаниянияның кәсіпкеріне Е.О., ҚР ҚК-нің 190- бабы4- бөлігі 2- тармақшасымен айып тағылып, Тараз қаласының №2 сотына берілген.
Тараз қаласының №2 сотының судьясы С.В.Дмитриев, экс-әкім орынбасары Қалдыбаев Нурбол Бекежанұлын кінәлі деп тауып оған 4 жыл бас бостандыығынан айыру жазасын тағайындады.
Мердігер компания кәсіпкері Е.О. ға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, Тараз қаласы әкімдігінің мемлекетке келтірілген 137 686 539 тенге шығын өндіру туралы талап арызы толығымен қанағаттандырды.
Жамбыл облысы
үкім заңды күшіне енген жоқ.