Мұғалім жұмыстан заңсыз шығарылған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Атышулы Жуалы ауданындағы мектептердің бірі, «№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, директор Жанерке Пернешова, өзінің бір қаншама мұғалімдерін жұмыстан шығарып жіберген. Жұмыстан шығарылған мұғалімдер бүгінгі таңда барлығы жаппай сотқа жүгінген. Аталған мұғалімдердің біріншісі шысы, яғни тарих пәнінің мұғалім А.Г.Т. сотпен өзіне мектеп директоры тарапынан шығарылған 2025 жылғ 27 қаңтардағы №30 санды «№264 бұйрығының күші жойылып, жұмысына қайта оралды.
«№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің шығарған А.Г.Т.- ға қатысты еңбек шарты тоқтатылып, жұмыстан босату туралы бұйрығы, 2025 жылғы 27 қаңтардағы №30 санды «№264 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрықтары заңсыз деп танылып, күші жойылсын.
А.Г.Т. «№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне тарих пәні мұғалімі қызметіне қайта орналастырылсын.
«№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен талап қоюшы А.Г.Т.-ның пайдасына 2024 жылдың 31 желтоқсанынан 2025 жылғы 12 мамыр аралығындағы мәжбүрлі түрде бос жүрген уақыты үшін орташа жалақысы барлығы 2 100 328 (екі миллион бір жүз мың үш жүз жиырма сегіз) теңге сомасы өндірілсін.
«№4-ші Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен талап қоюшы А.Г.Т.-ның пайдасына келтірілген моральдық зиян сомасы 100 000 (бір жүз мың) тенге, мемлекеттік баж сомасы 1 966 (бір мың тоғыз жүз алпыс алты) теңге, 250 000 (екі жүз елу мың) теңге көлемінде өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығын сомалары өндірілсін.
Жұмысқа қайта орналастыру және қызметкерге жалақыны өндіру туралы шешім дереу орындалуға жолдансын- деп, Жуалы аудандық сотының судьясы Б.Б.Абуев шешім шығарды.
Жамбыл облысы
![]()
