Жуалы ауданындағы мектептің былығы әшкере болды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жуалы ауданындағы Қ. Сағындықов мектебіндегі 8 оқушының үй жағдайында оқытылғаны туралы «Астарлы ақиқат ақпарат агенттігі аудандық білім бөлімі мен Жамбыл облысы білім басқармасына сұраныс хат жолдаған болатын.
Аталған дерек бойынша арнайы зерделеу тобы құрылып, үй жағдайында оқытылатын оқушылардың ата-аналарынан жауап алынған кезде, балаларының мектепке барып білім алып жүргені анықталған. Зерделеу барысында кейбір мұғалімдердің, үйден оқитын оқушыларға сабақ беретін педагогтердің курстан өтуі төмен, курстан өткен 16 педагогтің 9-ы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің келісілген біліктілік арттыру курстарының бағдарламаларының тізбесі жоқ, жекеменшік оқыту орталықтарының жарамсыз курстарынан өткендігі айқындалған.
Педагогтердің уақытылы, сапалы курстардан өтпеуі оқу-тәрбие процесіне кедергі келтіреді. Себебі, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің әдіс- тәсілдерін білмеуіне әкеледі- деп жауап жолдады басқармас басшысының орынбасары Л. Клылкулова
8- білім алушының 6-ы жалпы білім бағдарламасымен, 2-і зиятының жеңіл бұзылысы бар балаларға арналған оқу бағдарламасы мен білім алатыны айтылған хабарламада. Аталған мектептің пән мұғәлімдерінің сабақ кестелеріне күнтізбелік тақырыптық жоспарларына зерделеу жүргізіліп, бірқатар кемшіліктер анықталған. Үйде оқитын барлық 8 оқушының сабақ кестесі ата-аналарымен келісілмеген, сондай-ақ, сабақтардың барлығы күннің екінші жартысына қойылған екен. Бұл жағдайды мектеп әкімшілігі мұғалімдердің түске дейін сабақта болуымен түсіндірген. Алайда мүмкіндігі шектеулі баланың сабағы күннің бірінші жартысында болуы және сол уақытта бос мұғалімге жүктелуі тиіс екен.
ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 жылғы №323, 08.02.2024 жылғы №27 үлгілік оқу жоспарына сәйкес, үйде оқытуға жіберілген балаларға бөлінетін сағаттар саны, пән атаулары көрсетілген жеке оқу жоспарлары жасалмағаны белгілі болды.
Алайда мектеп басшысына бүгінгі күнге дейін тәртіптік шара көрілмеген және мектептегі үй жағдайында білім берген мұғалімдердің кемшіліктері мен жалған сабақ бергені туралы жәйттерге байланысты мемлекеттен алған еңбек ақылары мемлекетке қайтарылмаған.
Қызығы, Жамбыл облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Л. Кзылкулова тарапынан, мектепте 8 оқушы Жуалы аудандық ауруханасының дәрігерлік- консултациялық комиссиясының қорытындыларына сәйкес үйден оқытуға жолдама алғаны айтылса, Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысы Бахыт Шертаева, №4 Қ. Сағындықов атындағы білім беру мекемесінде қазіргі таңда 8 оқушы үй жағдайында дәрігердің анықтамасы (ВКК) мен Талас ауданы психологиялық-медициналық педагогикалық мекемесінің қорытындысы негізінде (үй жағдайында) білім алады деп аузымызды айға қаратты.
Бүгінгі таңда Жуалы ауданындағы мектептердің былығы бастан асып жатқанда, аудандық білім бөлім басшысы блогерлікті қолға алған болса керек, мектептің терезесіне шығып, оқу жылы аяқталғанда, балаларға бейнематериал жазып түсіндіру әрекеттерін жариялап жүр.
жалғасы бар
Жамбыл облысы
![]()
