Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Мереке Амангелдіқызы өз лауазымын босатты. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Мереке Амангелдіқызы әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.
«Мен үшін министрлікте атқарған жұмыс үлкен тәжірибе әрі кәсіби дамуға мүмкіндік болды. Әріптестерімнің қолдауы мен сенімі үшін алғыс айтамын», – деп жазды ол.

Мереке Амангелдіқызының баспасөз қызметін басқарған кезеңінде министрліктің қоғаммен байланысы жанданып, ақпараттық саясат айтарлықтай күшейді. Әсіресе, білім саласындағы жаңа реформалар мен министрліктің ресми ұстанымдарын қоғамға уақтылы жеткізуге атсалысты.

Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *