Ғалымдардың пікірінше, түтінсіз никотин өнімдері темекі шегумен байланысты аурулардан болатын өлім-жітімді күрт төмендетуге көмектесе алады, ал ол қазір жыл сайын 8 миллионға жетеді.
Әлемнің түрлі елдерінен темекі шегуге қарсы жүз танымал ғалымдар мен сарапшылар конвенцияға қатысушы-елдерге және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына зиянды азайту тұжырымдамасын енгізуге және түтінсіз никотин өнімдерін темекі шегуге қарсы күрестің бір бөлігіне айналдыруға бұрын-соңды болмаған үндеумен жүгінді. Бұл бастама темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік Конвенция (ТКНК) тараптары Конференциясының 9-кеңесі қарсаңында пайда болды, деп жазады Courier Mail.
ДДСҰ және ТКНК-ға үндеуі бар хатқа атап айтқанда, Ұлыбритания үкіметінің бұрынғы кеңесшісі және Imperial College London профессоры Дэвид Натт, Сounterfactual Consulting — темекі шегуге қарсы күрес жөніндегі жетекші британдық ұйымның директоры Клайв Бейтс, сондай-ақ University Colle London және King’s College (Ұлыбритания), Yale University және New York University (АҚШ), Medical University of Vienna (Австрия), University of Geneva (Швейцария), University of Queensland (Австралия), University of Ottawa (Канада) және басқа да көптеген оқу және ғылыми мекемелері қол қойды.
 «Біз ТКНК тараптарына және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік Конвенцияға оның қағидаларын енгізе отырып, темекі шегуден болатын зиянды азайту стратегиясын қолдауға және ілгерілетуге шақырамыз», —  делінген сарапшылардың мәлімдемесінде. Олар соңғы онжылдықта темекіні жандырмайтын және түтін шығармайтын инновациялық никотин өнімдері жасалғанын атап өтті.
 «Дәл осы темекі мен темекіні жандыратын басқа да темекі өнімдері, бүкіл әлемде никотинді қолданудан болатын көптеген өлім үшін жауапкершілікті алып жүреді. Түтінсіз никотин өнімдері – электронды темекілер, ішуге арналған никотин патчалары, электронды қыздыруға арналған темекі өнімдері — темекі шегуден болатын зиянды азайтудың перспективалы жолын ашады», — деп хатқа қол қойған сарапшылар сенім білдірді.
Сарапшылар түтінсіз баламалардың артықшылықтары мен қауіптері әлі де зерттеліп, зерттелетінін мойындайды, бірақ сонымен бірге еске салады: түтінсіз никотин өнімдері темекіге қарағанда зияны әлдеқайда аз екендігі туралы сенімді ғылыми дәлелдер бар. Бірақ, соған қарамастан, ДДСҰ және әлемнің бірқатар елдерінің үкіметтері түтінсіз баламаларға қатысты негізсіз қатаң және консервативті саясат жүргізуді жалғастыруда», — дейді сарапшылар.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекі шегумен байланысты миллиондаған өлімнің алдын алуға көмектесе алатын стратегияны қабылдамайды. ДДСҰ темекі нарығын түрлендіру және темекі өнімдерін пайдалану қаупін азайту әлеуетін елемейді», — деп жазады хат авторлары.
Courier Mail мәліметтері бойынша, ДДСҰ-ның барлық күш-жігеріне қарамастан, әлемде 1 миллиардтан астам адам темекі шегуді жалғастыруда, сонымен қатар соңғы онжылдықтарда темекі шегушілердің саны өсті, әсіресе табысы төмен және орташа елдерде. Әлемде жыл сайын темекі шегумен байланысты аурулардың салдарынан 8 миллионға жуық адам қайтыс болады.
Қазақстанда 2,4 миллион темекі шегуші бар, бірақ темекі шегуден болатын зиянды азайту бойынша түтінсіз өнімдердің әлеуеті де ескерілмейді, ал балама өнімдер бойынша заңнама күшейтіліп келеді. 2018 жылғы мәліметтер бойынша, темекі шегу 20 900 адамның мезгілсіз өліміне себеп болған.
Хат авторлары бұл тәсілді сынға алып, ДДСҰ мен ТКНК-ға темекі шегуден болатын зиянды азайту стратегиясын енгізу бойынша алты ұсыным ұсынады. Атап айтқанда, темекіден келетін зиянды азайтуды денсаулық сақтау саласындағы орнықты даму Мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жаһандық стратегияның, ең алдымен, инфекциялық емес аурулармен күрестің құрамдас бөлігі ету ұсынылды. Сондай-ақ, ДДСҰ саясатын кез-келген талдау темекі шегушілер немесе әлеуетті темекі шегушілер үшін артықшылықтар мен қауіптерді дұрыс бағалауды қамтамасыз етуді талап ету ұсынылады.
Авторлар кез-келген стратегиялық ұсыныстарға, атап айтқанда тыйымдарға, темекі шегудің ықтимал өсуін және басқа да жағымсыз реакцияларды қоса, күтпеген салдардың қаупін ескеруді ұсынады. Бұдан басқа, ТКНК бойынша келіссөздер жүргізуді мүдделі тараптар үшін неғұрлым ашық ету және ДДСҰ мен ТКНК-ның темекі саясатына деген көзқарасына тәуелсіз шолу жасауды бастау ұсынылады.
2021 жылғы 8-13 қараша аралығында темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік Конвенция тараптары Конференциясының 9-кеңесі өтеді. Конвенцияға 2004 жылы қол қойылды, оған 168 мемлекет қосылды. Дәстүр бойынша, бүкіл әлемнің үкіметтік делегациялары темекі мен никотинге қатысты саясатты талқылау үшін жиналады. Осы жиналыстарда қабылданған шешімдер темекіге қарсы халықаралық саясат ұлттық деңгейде қалай жүзеге асырылатынына әсер етеді. Әзірленген шешімдер темекінің зиянын азайту үшін қолданылатын вейпингке арналған құрылғылар, никотин паучилары мен қыздырылған темекі сияқты қауіпсіз никотин өнімдерінің болашағын анықтауға үлкен әсерін тигізеді.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?